Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жергілікті органдардағы заң бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру кеңесінің отырысы өтті

Атырауда заң қызметінің өзекті мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің заң және норма шығармашылықты үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Олжас Шәріповтың төрағалығымен құқықтық кеңес отырысы өтті.

Жиынның басты мақсаты – ішкі істер органдарындағы заң қызметтерінің жұмысын жетілдіру, құрылымдық өзгерістерді талдау және құқықтық тиімділікті арттыру жолдарын қарастыру.

Кеңеске сот жүйесінің, прокуратураның, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік өкілдері, сондай-ақ қазынашылық құрылымдары мен Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары полиция департаменттерінің заң бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында құқық қорғау қызметіндегі заңдық даулы мәселелер, сот тәжірибесінде жиі кездесетін түйткілдер нақты мысалдар негізінде сараланып, шешу жолдары ұсынылды.

Олжас Шәріпов заң бөлімдерінің ішкі істер министрлігі жүйесіндегі маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, құқықтық бақылаудың күшеюі және заң талаптарының мүлтіксіз орындалуы – мемлекеттегі заң үстемдігінің басты көрсеткіші.

Кеңес аясында қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, ұсыныстарымен бөлісті. Мұндай пікір алмасулар құқықтық қызмет сапасын арттырып, құқық қорғау органдарының жұмысын жүйелі түрде жетілдіруге сеп болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру