Атырауда заңсыз оқ-дәрі сақтаған шетел азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында заңсыз оқ-дәрі сақтаған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап,ұстады.
36 жастағы тұрғынның Атырау қаласындағы тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, жауынгерлік патрондар табылып, тәркіленді.
Күдікті 36 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы және деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп сотқа жолданды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауда.