Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда заңсыз қарабалық тасымалдаған күдіктілер ұсталды

Атырауда заңсыз қарабалық тасымалдаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында 1-28 ақпан аралығында табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын болдырмау, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымына тосқауыл қою және олардың жолын кесу мақсатында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Осы іс-шара барысында 18 ақпан күні Атырау облысы полиция департаментінің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің қызметкерлері Каспий теңізі бағытынан Шман өзені арқылы "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағынан Еркінқала ауылына бет алған Урал мотокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде мотокөліктің жүк салғышынан 3 сұр қапқа оралған қытай ау торлары, 1 дана радиоқабылдағыш, 58,3 келі қарабалық салынған 1 ақ қап, 2 мұз ойғыш құрал, 1 пышақ және 1 басқа тағатын жарық шам табылды.

Тәркіленген балықтар тиісті орынға – "Надежда" цехына тапсырылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Атырау облысының полиция департаменті азаматтарды табиғатқа зиян тигізетін заңсыз әрекеттерден бас тартуға шақырады және браконьерлік әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру