Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда заңсыз жұмысқа тартылған жасөспірімдер анықталды

Атырауда заңсыз жұмысқа тартылған 10 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалаыснда «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының бірінші күні ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері білім беру ұйымының қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық және тізімдік есепке алынған жасөспірімдерді, қала аумағында орналасқан сауда орталықтарын, мейрамханаларды, көлік жуу орталықтарын, теміржол вокзалдарын тексерді.

– Балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану. сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР-ның заңнамасын іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында 17-20 маусым  аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Тексеріс кезінде қала аумағында орналасқан көлік жуу орталықтарының бірінен  белгіленген уақыт мөлшерінен тыс, заңсыз жұмыс жасап жүрген 15-17 жас аралығындағы үш жасөспірім және қала аумағында орналасқан мейрамханалардан жеті жасөспірім  анықталып, олардың ата-аналарына түсінік жұмыстарын жүргізілді.

 

Қазіргі уақытта, жинақталған іс-құжаттар Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясына жолдау үшін жинақталуда.

Одан басқа, түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 18 жасөспірім анықталып, 18 ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлімімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескертулер берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру