Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа жыл: Атырауда полиция 249 хабарламаға қызмет көрсетті

Атырауда жаңа жыл түні полиция 249 хабарламаға қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында жаңа жыл мерекесі тыныш әрі тұрақты жағдайда өтті. Мұнайлы өңірде қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мереке күндері күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Жаңа жыл түні полицияға барлығы 249 хабарлама келіп түскен. Олардың әрқайсысына құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, дер кезінде қызмет көрсетті. Қала көшелері мен қоғамдық орындарда ірі құқық бұзушылықтар мен бұзақылық әрекеттер тіркелмеген. Бұл – қабылданған қауіпсіздік шараларының нәтижесі.

Сонымен қатар мереке күні отбасылық жанжалға байланысты 24 адам анықталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. Аталған азаматтарға қатысты заң аясында тиісті шаралар қолданылды.

Қазіргі таңда өңірдегі жедел жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды алдағы мерекелік күндері де жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру