Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жас сақшыларға арналған ерлік сабағы өтті

Атырауда жас сақшыларға арналған ерлік сабағы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда полицейлер жалпы білім беретін №47 орта мектебінің “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушыларымен ерекше мазмұндағы ерлік сабағын өткізді.

Шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдерге полиция қызметінің жауапты да құрметті екенін түсіндіру, сондай-ақ олардың бойында отансүйгіштік, тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.

Кездесуге Атырау қаласы полиция басқармасының жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Роман Есмұханов, ерлігімен көзге түскен патрульдік полиция батальонының қызметкері  Рүстембек Сүндетов пен Атырау облысы ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы Қуандық Сүйіндіков қатысты.

Шара барысында тәртіп сақшылары өздерінің қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, полиция қызметінің жауапты әрі күрделі тұстарын әңгімеледі. Қатысушылар жас сақшыларға адалдық пен төзімділіктің, тәртіп пен кәсіби шеберліктің маңызын түсіндіріп, қызмет барысында орын алған қызықты әрі тағылымды оқиғалардан мысалдар келтірді. Сондай-ақ оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, болашақ маман ретінде бағыт-бағдар берді.

Өз кезегінде Роман Есмұханов жас сақшыларға өз ісіне адал болудың, адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білудің және қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Ол жас ұрпақтың адамгершілік қасиеттері мен азаматтық жауапкершілігін дамыту - қоғамның болашағы үшін аса қажет екенін жеткізді.

Болашақ ел қорғандары үшін бұл кездесу - ерлік пен адамдықтың, жауапкершілік пен абыройдың мәнін ұғынуға бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру