Атырауда жаяу жүргіншілер жолында көлік айдаған мас жүргізуші жазаланды
Атырауда жаяу жүргіншілер жолында көлік айдаған мас жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 сәуір күні сағат 20:35 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 желісіне Тұрғындар қалашығы Жайық жағалауында орналасқан жаяу жүргіншілер жолында Грузия республикасында тіркелген BMW көлігін тізгіндеген жүргізушінің мас күйде екені туралы хабарлама түсті.
Хабарлама бойынша тексеру кезінде патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен аталған көлік тоқтатылып, 36 жастағы жүргізушісі облыстық наркологиялық диспансеріне медициналық куәландыру үшін жеткізілді. Куәландыру нәтижесінде, аталған азаматтың «орта дәрежелі» мас күйінде екендігі анықталды.
Кейін аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 1-бөліміне (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталып 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 7-бөліміне (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.