Атырауда жыл басынан түнгі уақытта көшеде жүрген 1200-ге жуық жасөспірім анықталды
Атырауда жыл басынан түнгі уақытта көшеде жүрген 1200-ге жуық жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері қала аумағында тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ өз балаларының тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау және есепке қою бойынша жүргізілген рейдтердің нәтижесінде, осы жылдың 6 айында 24 кәмелетке толмағандар мен 16 қолайсыз отбасы және олардың 42 жасөспірім балалары басқарманың есебіне алды.
Одан басқа, жыл басынан бері ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жүрген 1200-ге жуық кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, олардың ата-аналалары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.