Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жол апатына ұшыраған көліктер шеруі өтті

Атырауда жол апатына ұшыраған көліктер шеруі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда жыл басынан бері 1500-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 78 адам қаза тауып, 2199 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Көбінесе апаттарға көліктің жылдамдығын арттыру, маневр жасау ережелерін сақтамау себепші болған.

Осы жағдайды еске ала отырып, республикалық деңгейде "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" апталығы ұйымдастырылуда. Оның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың салдарын қоғам назарына жеткізу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

Апталық аясында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелерінде апатқа ұшыраған көліктерді көрнекі түрде орналастырып, шеру өткізді. Бұл акция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарының ауыр зардаптары туралы ойлануға, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақыруға бағытталған.

Сонымен қатар іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі жөнінде арнайы түсініктемелер беріліп, әртүрлі профилактикалық шаралар жүзеге асырылды. Бұл қоғамдағы жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру