Атырауда жол қауіпсіздігі ақылды жүйе арқылы қамтамасыз етіледі
Атырауда жол қауіпсіздігі ақылды жүйе арқылы қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінде Атырау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында заманауи технологиялар кеңінен қолданысқа еніп отыр. Солардың бірі – "Қорғау – қауіпті жүргізуші" атты мобильді қосымша.
Аталған жаңашыл жоба патрульдік полиция қызметкерлеріне жол қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалауға, ереже бұзу деректерін автоматты түрде анықтап, тиісті шаралар қабылдауға мол мүмкіндік береді. Жүйе бейнебақылау камераларымен толықтай ықпалдастырылған, бұл өз кезегінде заң бұзушылықтарды бірден тіркеуге сеп боладыҚосымша арқылы жүргізушілердің жолда жүру ережелерін өрескел бұзуы – атап айтқанда, белгіленген жылдамдықты асырғаны, бағдаршамның қызыл түсіне өткендігі, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткені немесе қауіпсіздік белдігін тақпағаны сияқты әрекеттері жылдам анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.
Бұл бастама – жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған пәрменді шаралардың бірі. Тәртіпті сақтау – тек заң талабы ғана емес, әр адамның өмірі мен денсаулығына деген қамқорлық.
Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік – әрбірімізге ортақ міндет. Ережеге бағыну – өз өміріңізге және айналаңыздағы адамдарға деген құрметтің, жауапкершіліктің жарқын көрінісі.