Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа пилоттық жоба іске қосылмақ

Атырауда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа пилоттық жоба іске қосылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігін одан әрі жақсарту үшін Атырау облысында жедел-жәрдем және қоғамдық көліктерге автоматтандырылған жол жүрісі ережелерін бұзушылықты тіркейтін құрылғылар орнатылуда.

«Жасырын» патрульдеу жұмыстарын жүргізу басталды. Бұл пилоттық жоба облыс бойынша жол қозғалысын бақылаумен көлік қозғалысынан туындайтын құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты – жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін құрылғыларды жедел-жәрдем және қоғамдық көліктердің техникалық құралдарына орнату арқылы жол қауіпсіздігін арттыру. Құрылғылар көлік қозғалысын бақылап, құқық бұзушылықтарды тіркейді, бұл өз кезегінде жолдағы тәртіпті нығайтып, жол апаттарының санын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру