Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жол сақшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті

Атырауда жол сақшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыс мезгілі жолдағы қауіп-қатерді арттыратыны белгілі. Қар, көктайғақ және қалың тұман жүргізушілер үшін қозғалысты қиындатып, жол-көлік оқиғаларының пайда болу қаупін күшейтеді. Сол себепті Атырау облысының республикалық маңызы бар тас жолдарында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері Атырау – Ақтөбе, Атырау – Астрахань, Доссор – Құлсары – Бейнеу және Атырау – Орал бағыттарында тәулік бойы патрульдеу жүргізіп, жол жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қолайсыз ауа райында көлік құралдарының қозғалысы қиындаған жағдайда патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге қауіпсіз бағыт-бағдар беріп, ескерту мен түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.

Сонымен қатар тас жол арқылы өтетін шетелдік азаматтарға да қажетті көмек көрсетіледі. Жол сақшылары адам өмірі мен қауіпсіздігін басты орынға қойып, кез келген ауа райында жолдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін қызмет атқаруда.

Құрметті жүргізушілер! Ауа райы күрт өзгерген жағдайларда жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін алдын ала 112 арнасының хабарламаларына назар аударыңыздар. Жолда барынша мұқият болыңыздар және қауіпсіздікті бірінші орынға қойыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру