Атырауда жыл басынан бері 170-ке жуық мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Атырауда жыл басынан бері 170-ке жуық мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автокөлікті мас күйінде жүргізу жол жүрісі саласындағы ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі болып есептеледі. Себебі мас жүргізуші – ол қылмыскермен тең.
– Жыл басталысымен Патрульдік полиция қызметкерлерімен мас күйінде көлік басқарған 170-ке жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Мысалы, 18 сәуір күні сағат 19:05 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары балабақшаның алдында тұрған «ВАЗ-21099» маркалы автокөлігінің жүргізушісінің алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын байқаған. Біраз уақыттан кейін автокөлігімен Сатпаев данғылына қарай бағыт алған көлікті тоқтату мақсатында, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама беріліп, аталған автокөлік Тайманов-Сатпаев қиылысынан тоқтатылған.
Тексеріс барысында 32 жастағы көлік жүргізушісінің жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.