Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 27 қылмыс ашылды

Атырауда “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі кезде мал ұрлығының жасалуына ықпал ететін басты проблемалық мәселенің бірі – ауыл шаруашылығы жануарларының ұзақ уақыт иелерінің қарауынсыз, жайылымдарда ұйымдастырылмай бағылуы.

Осы ретте, қараша айының 18-20 аралығында мал ұрлығын алдын алуға, оларды жасауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған республика көлемінде “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Атырауда жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 27 қылмыс ашылды.

Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы жануарларының еркін жайылымдардан, қараусыз жүрген жерінен жоғалудың – 27 фактісі тіркеліп, олар бойынша жоғалған 70-тен аса мал басы полициямен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде табылып, иелеріне қайтарылды. Сондай ақ ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша, яғни ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу бойынша 418 әкімшілік хаттама жасақталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру