Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан беру абаттандыру ережелерін бұзған екі мыңнан астам жеке тұлға жауапқа тартылды

Атырауда жыл басынан беру абаттандыру ережелерін бұзған екі мыңнан астам жеке тұлға жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы аумағында 15 сәуірден бастап Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Бұл шара экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.

Қала аумағында учаскелік полиция инспекторларымен жыл басынан абаттандыру ережелерін бұзған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, 2338 хаттама жасалып, әкімшілік шара қолданылды.

Мәселен, 16 қыркүйек күні № 5 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары қала әкімдігі қызметкерімен бірлесіп, аумақтарды аралау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тастаған тұлғаларды анықтады.

ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, анықталған 8 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 6 тұлғаға ескерту жазасы қолданылды. Келесі 2 тұлғаға қатысты аталған бап бойынша ескерту берілгені анықталды. Құқықбұзушылық бойынша шара қолданбаған 2 тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру