Атыраудағы әйелдер колониясында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті
Атыраудағы әйелдер колониясында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 79 әйелдер түзеу мекемесінде ерекше мерекелік шара өтті. Мереке аясында мекемедегі 5-жасақтың сотталған әйелдері ұлттық киімдер көрмесі мен өнер байқауына қатысып, мәдени әртүрліліктің көркем үлгісін көрсетті.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ұлттарының дәстүрлі киімдерін киіп, ұлттық әндер мен билерді орындады. Қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және өзге де этностардың мәдениеті мен өнері сахнада көрініс тауып, көпшілікке рухани әсер сыйлады. Сотталған әйелдер өз қолдарымен тіккен ұлттық киімдер мен қолдан жасалған бұйымдарын ұсыну арқылы шығармашылық қабілеттерін паш етті.
Мекеме әкімшілігі мен тәрбие бөлімі мұндай мәдени іс-шаралардың сотталған азаматшалардың рухани дүниесін байытып, ұлтаралық татулықты дәріптеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, бұл мереке қатысушыларға өз-өзіне деген сенімді арттырып, қоғамға қайта бейімделу жолында жаңа серпін береді.
Бірлік пен келісім идеяларын насихаттаған бұл бастама – ұрпақтар сабақтастығы мен этномәдени құндылықтарды сақтау жолындағы игі қадам болды.