Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраудың құрылыс нысандарына рейд жүргізілді

Атырау полицейлері құрылыс нысандарында рейдтік іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Полиция қызметкерлері  қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс жасап жатқан шетел азаматтары тараптарынан карантиндік режимге байланысты санитарлық нормаларды сақтамау деректерін анықтады, деді облыс Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Рейдтік іс-шаралар  барысында  Нұрсая-3, Нұрсая-2 ықшам аудандарындағы және Жеңіс саябағы маңайындағы Жайық жағалауындағы салынып жатқан  құрылыс нысандарында  жұмысшылар медициналық бетпердесіз жұмыс жасаған, сондай-ақ құрылыс нысандарының үшеуінде де антисептикалық құралдар болмаған.

Барлық жинақталған құжаттар жұмыс берушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру