Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицей соғыста жоғалған әскердің туыстарын табуға көмектесті

Атыраулық полицей соғыста жоғалған әскердің туыстарын табуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев облыс Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Бағытжан Исаевқа Атырау облысы әкімі орынбасарының Алғыс Хатын табыс етті.

“Атамның аманаты” республикалық қоғамдық қоры соғыста ізсіз жоғалып кеткен қызыл әскер Темірәлі Сәрсенғалиевтың туысқандарын табуда өздеріне көмек көрсеткен Атыраулық полиция майоры Бағытжан Исаевтың еңбегіне алғыс білдіріп, Атырау облысы әкімдігіне хат жолдаған.

Темірәлі Сәрсенғалиев 1922 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданының Жамбыл колхозы Мұратов ауылдық кеңесінде туған. Отан соғысында “Қызыл жұлдыз” және Сталинградты минадан тазартудағы еңбегі үшін  “1 дәрежелі Отан соғысы” ордендерімен марапатталған. 1945 жылы Чехословакия елінің Тиковица ауылында із-түссіз жоғалып кеткен.

Суретші П.И.Баранов салған Т.Сәрсенғалиевтың суреті Ресей Федерациясы Волгоград қаласындағы мұражайда “Сталинградская битва” панорамасында орналастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру