Атыраулық полицейлер 30-ға жуық көліктің бөлшектерін ұрлаған күдіктілерді ұстады
Атыраулық полицейлер 30-ға жуық көліктің бөлшектерін ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырау қаласының полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 29 автокөліктің бөлшектерін жасырын жымқырды деген күдікпен үш азаматты анықтап, ұстады.
Үш күдікті де Атырау қаласының тұрғындары. Олар 25-26 қазан күндері түнгі уақытта әртүрлі автокөлік бөлшектерін, сондай-ақ көлік ішіндегі ақшалай қаражаттарды да қолды еткен. Жәбірленушілерге келтірілген залал құны – 2,5 млн теңгеге жуық. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2,3-тармақтарына сәйкес, барлығы 26 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.