Атыраулық полицейлер жеті жыл құжатсыз жүрген шетел азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары 1 қазан мен 1 қараша күндері аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара кезінде тәртіп сақшылары 2015 жылдан бері құжатсыз жүрген 53 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.
53 жастағы шетел азаматы Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Қазіргі уақытта шетел азаматына қатысты көші-қон полиция қызметкерлері тиісті іс-құжаттар жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.