Атыраулық полицейлер балконда тұрған 4 жастағы баланы құтқарды
Атыраулық полицейлер балконда тұрған 4 жастағы баланы құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі сағат 01:00 шамасында полиция қызметкері Тимур Балмағанбетов вокзал маңы ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің 3 қабатында қылтимадан белгісіз баланың секірейін деп тұр деген хабарлама алғанын айтады.
Хабарлама бойынша Гизатолла Рахметов және Мадиев Файзолла тәртіп сақшылары барып, баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын байқап, үйінің есігін қаққан уақытта құлыптаулы тұрғанын анықтаған. Жедел әрекет ету керегін түсінген полицейлер жоғары қарай өрмелеп үшінші қабатта тұрған 4 жастағы баланы аман-есен құтқарып алып үйіне кірген.
Пәтер ішінде бүлдіршіннен басқа адам болмағаны белгілі болды. Түнгі уақытта үйде жалғыз қалған баланың ата-анасы құрбысына баланы уақытша қарай тұруға тастағанын айтып түсіндірген. Ал, баласын сеніп тапсырған құрбысы баланы үйге құлыптап, кілтті подьезд ішіне жасырып кеткен.
Ата-анасы ұзақ уақыт үйге келе алмауын такси қызметін ұзақ күткенімен түсіндіріп, 4 жастағы баланы қауіптен құтқарған полицейлерге алғысын жеткізді.