Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер Білім күнінде күшейтілген режимде қызмет етеді

Атыраулық полицейлер Білім күнінде күшейтілген режимде қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бүгін Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдіғани Сейдуалиев Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлеріне саптық жиын өткізді.

Тәртіп сақшыларына мектептерде өткізілетін салтанатты шаралардағы балалар мен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауды және қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуді жіті бақылауда ұстауды жүктеді. Қала көшелерінде тұрғындардың көп шоғырлануына байланысты жол қауіпсіздігін, жол ережелерінің қатаң сақталуын қадағалауды тапсырды.

– Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты талап. Жаңа оқу жылының алғашқы күнінен бастап мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігінің ережелерін түсіндіруді, балалар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдіғани Сейдуалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру