Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер бір күнде 5 мас жүргізушіні анықтады

Атыраулық полицейлер “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында 5 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының аумағында 8-17 қараша күндері аралығында жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара басталысымен бір тәулікте патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бес мас жүргізушіні анықтады.

Мысалы, 8 қараша күні сағат 08:19 шамасында патрульдік полицейлер Кейкі Батыр көшесінен Nissan Teana маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші көліктің есігін ашқан кезде салоннан алкогольдік ішімдіктің иісі байқалған. 25 жастағы көлік жүргізушісін медициналық сараптамадан өткізу кезінде оның «жеңіл дәрежелі» мас күйде екендігі белгілі болды. Оған қатысты ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды. Сот шешімімен азамат 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Одан басқа, 9 қараша күні сағат 07:30 шамасында Абай-Махамбет көше қиылысынан патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Hyundai Tucson маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде 40 жастағы көлік жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған. Медициналық сараптамадан өткізу кезінде азаматың «жеңіл дәрежелі» мас күйде екендігі анықталды. Hyundai Tucson көлігі айыппұл тұрағына қойылып, иесіне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру