Атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады
Атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда Ресей Федерациясының мемлекетаралық іздеуде болған 45 жастағы ер адам ұсталды. Ол Көші-қон полициясы қызметкерлерінің “Заңсыз келушілер-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды. 2021 жылдың мамыр айынан Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 157-бабы 1-бөлігі (Ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ он сегіз жасқа толған мүгедек балаларды ұстауға қаражат төлеуден қасақана жалтаруы), мемлекетаралық іздеуде болған. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам шекара қызметіне тапсырылды.
– Жедел іс-шара кезінде полицейлер құрылыс объектісінде болды. Береке ықшам ауданында Өзбекстан Республикасының 52 азаматы құжаттарсыз еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыратыны анықталды. Шетелдік азаматтар Атырау қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.