Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер нашақорлықты алдын алу жөнінде жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын өткізді

Атыраулық полицейлер нашақорлықты алдын алу жөнінде жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын өткізді

, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлық қазір әлем бойынша кездесетін ең күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы “Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары” негізінде есірткіні тұтынудың алдын алу бағытында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Осы орайда, 5 қаңтар күні Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева және Кинология қызмет орталығының қызметкерлері Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне нашақорлықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында жасөспірімдер есірткінің зияны туралы ақпараттар дайындап, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ іс-шара барысында Кинология қызмет орталығының кинологтары Хан қызметтік иті арқылы есірткіні жасырын тағып, оны табу жолдарын көрсетті. Кездесуде белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдірген жасөспірімдерге арнайы естелік сыйлықтары берілді.

– Нашақорлық – бүгінгі күннің ең қауіпті тәуелділік дерттерінің бірі. Ол адам өміріне ғана емес, қоғамға қауіпті. Біз жауапты сала қызметкерлерімен бірлесе отыра кездесулер, акциялар және спорттық сайыстар ұйымдастырамыз. Басты мақсат – салауатты өмір салтын ұстану, жат қылықтардан аулақ болуға шақыру, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру