Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы конференция өткізді

Атыраулық полицейлердің қатысуымен “Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері” тақырыбында конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қараша күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері” тақырыбында облыстық конференцияның пленарлы отырысы өтті.

Конференцияның мақсаты – қазіргі қазақ қоғамындағы отбасының жағымды имиджін, сондай-ақ отбасы институтын қалыптастыру, адамгершілікті, руханилықты нығайту, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру.

Аталған пленарлы отырыс барысында Атырау облысы Полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Райса Айтжанова “Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың түрлі бағыттары, агрессорлармен жұмыс” тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар Атырау облысы ПД-нің жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Орынгүл Көшқалиева “Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайы бойынша талдамалық жұмыстың нәтижелері” атты баяндамасын көпшілікке ұсынды.

Шара барысында Атырау облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын нәтижелі жүзеге асырып келген Атырау ҚПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚт-ның инспекторы Н.Сарсенова, Құрманғазы АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Б.Қараева, Махамбет АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Л.Қуанышбаева, Жылыой АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Р.Муханова, Атырау каласы ПБ ЖПҚ 1-қалалық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы А.Карлагашева, сондай-ақ Исатай АПБ бойынша ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы М.Мағазова Атырау облысы әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру