Атыраулық полицейлер қараусыз қалған егіс алқабынан есірткі тәріздес шөптерді жойды
Атыраулық полицейлер қараусыз қалған егіс алқабынан есірткі тәріздес шөптердің көзін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қызылқоға аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Жасқайрат ауылынан оңтүстік батысқа қарай шамамен 17 шақырым жерде жыңғыл талдардың арасында жабайы есірткі тәріздес шөптер өсіп кеткен алқапты анықтады.
Полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылқоға ауданы Ойыл аудандық округінің әкімдігімен және аудандық Агро-өнеркәсіп шаруашылығының инспекциясымен бірлесіп, есірткі қурайларын отап, өртеу арқылы толықтай көзін жойды.