Атыраулық полицейлер қару иелерін тексеруде
Атырау полицейлері 4 000-нан астам қару иесін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz
– Республикалық «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында атыраулық полицейлер облыс тұрғындарының иелігіндегі қарулардың сақталуын тексеруде. Аталмыш шара барысында полиция қызметкерлері облыстағы 6 804 қару иесінің, 4 455-ін тексерді» – деп хабарлады Департамент бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.
Учаскелік инспекторлар азаматтық қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзудың 148 фактісін анықтады. Қару сақтау ережелерін бұзған 53 азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабымен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу), 95 азамат аталған кодекстің 486-бабымен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін барлығы 105 қару, оның ішінде заңсыз сақталған 13 қару тәркіленді.