Атыраулық полицейлер қатарында 20-дан астам отбасылық жұп қызмет етеді
Атырау қаласы Полиция басқармасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызмет етіп жүріп, бақытты отбасын құрған 20-дан астам жұп бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осындай жарасымды жанұялардың бірі – Әлібек және Бағдат Қаирғалиевтер отбасы.
Әлібек ішкі істер органдарына қызметке 2016 жылы орналасқан. Ол өзінің болашақ жары Бағдатты осы салада жүріп кезіктірген. Бүгінде Әлібек пен Бағдат Атырау қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары.
Бағдат Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі. 2020 жылы отау құрған Әлібек пен Бағдат қазіргі таңда тұңғыш сәбилерін күтуде.