Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер заңсыз айналымнан 5 мыңнан астам психотроптық дәріні тәркіледі

Атыраулық полицейлер заңсыз айналымнан 5 мыңнан астам психотроптық дәріні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Дәрмек” іс-шарасын өткізуде.

– Іс-шара кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналасы саласындағы қағидаларын бұзу) бойынша 3 факті тіркеліп, заң бұзушылыққа жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Мысалы, Атырауда 49 жастағы әйел қала аумағында заңсыз 2900 трамадол және 76 трапикамид сатқан, сондай-ақ 37 жастағы азаматша 1900 трамадол және 36 трапикамид, ал 25 жастағы азаматша 500 трамадол және 50 трапикамид дәрі-дәрмектерін сатып жүрген жерлерінен анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшалар ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Жинақталған іс-құжаттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Айта кету керек, Атырау облысы аумағында 21-25 ақпан аралығында “Дәрмек” профилактикалық іс-шарасы өтуде. Өз кезегінде полицейлер есірткі заттарын қолдану, тасымалдау, сату бойынша қандай-да бір ақпарат белгілі болған жағдайда 8(7122) 98-21-55 немесе 102 нөмеріне хабарласуды ескертеді. Хабарлаған тұлға жөнінде ақпарат анонимді түрде сақталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру