Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық тұрғын 2 жасар баласын қабаған иттен құтқарған полицейге алғыс айтты

Атыраулық тұрғын екі жасар баласын қабаған иттен құтқарған полицейге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыдан бір жыл бұрын Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданының полицейлері Жұлдыз-2 ықшам ауданында ит қапқан сәбиді құтқарып қалған болатын. Оқиға болған жерге шұғыл жеткен полиция қызметкерлері 2018 жылғы сәбиді жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Кейін полиция қызметкерлері жүргізген жан-жақты іздеу шараларының нәтижесінде  сол ықшам ауданындағы шағын өндірістік базалардың бірінің аумағынан сәбиді қапқан ит табылды.

Иттің иесі – 37 жастағы Атырау қаласының тұрғыны анықталып, оған қатысты ӘҚБтК нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Кішкентай сәбидің анасы бұл туралы департамент бастығының Жұлдыз мөлтек ауданында учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен өткен есептік жиынға арнайы келіп, баласының өмірін құтқарып қалған полицей Қанат Испусиновқа алғысын айтты.

– Естеріңізде болса, өткен жылы отбасымызда қиын жағдай болды. Дәрігерлер екі жастағы баламның басының ақ сүйегіне дейін тазалады, саусақтарына дейін итке таланды. Бүгін сол күні баламның тірі қалғанына себепкер болған Қанат Испусинов деген учаскелік инспекторға рақмет айту үшін келіп тұрмын. Былтыр ондай жағдайда ештеңе ойлайтын шамамыз болмады. Жедел жәрдемді күтетін уақыттың жоғын білген полицей көлігімен ауруханаға жеткізді. Бұл қиын жағдай басымыздан өтті. Енді тек барлығыңыздан осындай жағдайларды болдырмауға ықпал етулеріңізді сұраймын. Сіздерден көшедегі бұралқы қаңғыбас иттерді жоюды сұраймын, – деді баланың анасы.

Жиын соңында, департамент бастығы айтылған ұсыныстарды жеке бақылауына
алатындығын және де жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс ретінде жеткізетінін
айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру