Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық тұрғын 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Атыраулық тұрғын жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының 6 мен 12 күндері аралығында, яғни бір апта ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен мас күйінде көлік басқарған 16 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 11 қыркүйек күні сағат 23:40 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Ө.Байтұрсынов көшесі «Фортуна» мейрамханасы тұсынан «ГАЗ -27057” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 1987 жылы туған жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Одан басқа, 10 қыркүйек күні сағат 04:10 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Атырау қаласы, Н.Ватутин көшесі 11А үй тұсында «Toyota Camry» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 1984 жылы туған жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалаған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның орта дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1-бөлімімен (Жүргізу құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру