Атыраулық тұрғын тауып алған банк картасымен дүкендерде төлем жасаған
Атырауда 47 жастағы ер адам тауып алған банк картасымен дүкендерде төлем жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қараша күні Атырау полициясына 26 жастағы қала тұрғыны өзінің банк картасын белгісіз жағдайда жоғалтып алғанын хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның банк картасымен бірнеше сауда дүкендерінде төлем жасаған.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдікті – 47 жастағы Атырау қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Атыраулық полицейлер тұрғындарға өзіне тиесілі банк карталары мен қаражаттарына, сондай-ақ жеке мәліметтерінің сақталуына бейжәй қарамауға шақырады.