Атыраулық тұрғын үйлердің жертөлесінен 76 дана вентильді жымқырып кетті
Атыраулық тұрғын үйлердің жертөлесінен 76 дана вентильді жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 шілде күні Вокзал маңы ықшамауданының көпқабатты алты тұрғын үйінің жертөлесінен пластикалық құбырларға бекітілген барлығы 76 дана вентильді жымқырып, сол ауданға қарасты ПИК-ке барлығы 76 мың теңге залал келтірді.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 33 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.