Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық жасөспірімдер полиция басқармасына экскурсия жасады

Атыраулық жасөспірімдер полиция басқармасына экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде соңғы уақытта жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар көптеп орын алып жатқаны белгілі. Осыған орай, Атырау облысы ПД бастығы мен облыс әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев «Құқық бұзушылыққа бейім балалар үшін полиция департаментінің арнайы мекемелеріне танымдық экскурсиялар өткізу» кестесін бекітті.

24 қыркүйек күні Атырау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қалалық 5 мектептің 15 оқушысына әлеуметтік педагогтардың ілесуімен экскурсия өткізілген. Ғимаратта орналасқан уақытша ұстау абақтысы көрсетіліп, студенттер мен оқушыларға қылмыс жасаса соңы неге әкеп соғатыны ескертілді.

Полиция басқармасына жасалған экскурсия барысында құқық бұзушылықтың алдын алу және топтық төбелестің соңы неге әкеп соғатынын және қандай болатындығын жеткізу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру