Атыраулық жүргізуші бағдаршам бағанасын соғып, қашып кетті
Полицейлер бағдаршам бағанасына соғып, оқиға орнынан қашып кеткен атыраулық жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 шілде күні сағат 17:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері BWB автокөлігінің Амандосов-Бергалиев көшесінің қиылысында орналасқан бағдаршамға басқару жүйесін игере алмай соқтығысып, оқиға орнынан бой тасалап кетіп қалғандығын анықтаған.
Осы оқиға бойынша аталған автокөлікті іздестіру кезінде BMW автокөлігін тізгіндеген 1970 жылы туған қала тұрғыны анықталып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Қазіргі уақытта Амандосов-Бергалиев көше қиылысында орналасқан бағдаршам бағанасына келтірілген шығын көлемін анықтау үшін іс-құжаттар жинақталуда.