Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыс салдарынан 18 жастағы ақтөбелік көз жұмды

Атыс салдарынан 18 жастағы ақтөбелік көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 ақпанда бір топ жастар таныс қыздың туған күнін атап өту үшін қаланың ескі бөлігінде үй жалдаған. Шара барысында жастар арасында қақтығыс болып, оның салдарынан атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіру орын алды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды және ол кісі өлтіргенін толық мойындап, полиция қызметкерлері тәркілеген қылмыс құралын жасырған жерді көрсетті.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Күдікті Ақтөбе қ.УҰИ-не қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру