Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әуежай маңында тұрғын адасып қалды

Қостанай облысында әуежайдың маңында адасып қалған тұрғынды көлік полицейлері үйіне жеткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 5-ақпанында түнгі сағат 02.30 шамасында «102» пультіне ер адам қоңырау шалып, адасып қалғанын, өзін нашар сезінгеніп тұрғанын хабарлады.

Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің кезекшісі әуежайға патрульдік полиция тобын жедел бағыттады.Жедел шара барысында полиция қызметкерлері ер адамның тұрған жерін анықтап, жедел жәрдем бригадасын шақырды.

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін полицейлер тұрғынды үйіне жеткізді. Өз кезегінде, 37 жастағы қостанайлық Николай Симонов полицейлерге уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Желілік полиция бөлімінің аға сержанты М. Дощановқа және аға лейтенант Б. Ж. Шайжановқа, полиция сержанты М. Минуковқа мені құтқару үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолданды.Өміріме қауіпті және экстремалды жағдайда көмек көрсетуге келген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деп басшылыққа бағытталған өз хатын қорытындылады.

Көліктегі полиция департаментінің атына жыл басынан бері ондаған хат келіп түсті. Полиция қызметкерлерінің өздері ең үздік марапат-азаматтардың алғысы деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру