Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әуежайда тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат берген шетелдік жауапқа тартылды

Астана халықаралық әуежайында шетел азаматы тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов хабарлады. Оның сөзінше, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе рейсіне тіркеу кезінде Астана – Пхукет бағытындағы ұшаққа отырғалы тұрған 47 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады. Ол әуе компаниясының өкіліне әзілдеп, өзімен бірге тыйым салынған заттардың бар екенін айтқан.

Бұл ақпарат шұғыл тексеріліп, нәтижесінде қатер расталмады. Дегенмен, бұл оқиға тіркеу қызметінің жұмысына уақытша кідіріс келтіріп, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында алаңдаушылық туғызды. Көлік полицейлері шетелдік азаматты жауапқа тартып, сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.

- Қауіпсіздік қатерлеріне қатысты кез келген әзіл немесе мәлімдеме аса мұқият қарастырылады. Нақты қауіп болмаса да, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді және оның соңы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – деп түйіндеді сөзін Құрмет Мәжікенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру