Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әуезов ауданының әкімі полицейлерге алғысын білдірді

Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі бақылау-өткізу бекеттерінде жұмыс атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне короновируспен күрес және қалада карантинді қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.


Екі ай ішінде полиция қызметкерлері медициналық қызметкерлермен, әскери қызметкерлермен, әкімдік қызметкерлерімен және басқа құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге өз міндеттерінде жауапкершілікті, жанқиярлықты және кәсіби шеберлікті көрсетті.


Олардың күш-жігерінің арқасында эпидемия динамикасы вирустың ірі қалада таралуын азайту үшін ресурстардың қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру