Ауған соғысының ардагері қаңтар оқиғасы туралы фильм дайындады
Ауған соғысының ардагері қаңтар оқиғасы туралы фильм дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні қарсаңында ауған соғысының ардагері Анатолий Митрофанов қаңтар айындағы оқиғаға байланысты фильмді дайындады. Фильмді Анатолий Митрофанов өзінің Instagram парақшасында жариялады.
– 15 ақпан біз үшін мереке, бұл Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні. Бұл күні бірге қызмет еткендермен кездесіп, қайтыс болғандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық. Содан бері 33 жыл өтті. Уақыт тез өтуде… кеше ғана болған сияқты. Біз ол жақтан оралмаған жігіттерді, достарымызды, сыныптастарымызды еске аламыз, – дейді ардагер.
Анатолий Митрофановтың айтуынша, Ақмола облысынан Ауғанстан арқылы мыңнан астам адам өткен, олардың 61 қаза тапқан, көбісі мүгедек болып қалған.
– Біздің республикамызда болған қаңтар оқиғасы жанымызға қатты батты. Ауғанстанда қызмет еткен адамдар үшін бұл «жүрекке пышақ салғандай». Алматыда болған оқиғаларды, тонау, арандату элементтерін мүлдем қолдамаймыз, ішкі істер органдарын қолдауға тырыстық. Біздің жолдастарымыз халық жасақтары құрамында болып, қала көшелерін патрульдеді. Арандатушылық сипаттағы видеоларды көргенде жүрегіміз ауырды. Сол күндері зардап шеккен жігіттерді аяймыз. Мен полицейлер өз міндеттерін абыроймен орындап, жағдайды ретке келтірді деп, болашақта мұндай арандатулар болмауы керек деп санаймын. Кінәлілер жазалануы керек. Біз зорлық-зомбылыққа үзілді-кесілді қарсымыз. Бейбітшілік, достық пен өзара түсіністікте өмір сүру керек, – деді 1979-1980 жылдары Ауғанстанда соғысқан А.Митрофанов.
Анатолий Митрофанов осындай қиын уақытта өскелең ұрпақты Отанына адал патриоттық рухта тәрбиелеу өте маңызды екенін атап өтті.