Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауладан металл заттар ұрланды

Петропавл полицейлері қала тұрғынына қатысты жасалған металл заттардың ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының 63 жастағы тұрғыны Комсомольская көшесіндегі үйінің ауласынан тұрмыста қажетті металл заттары: баспалдақ, қол арба, ет сүрлеуге арналған құрылғы, үш метрлік бес құбырдың жоғалғанын анықтап, полицияға жүгінген. Келтірілген шығын 98 мың теңгені құрады. Жәбірленушінің ойынша, ұрлық екі-үш күн бұрын орын алған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Жақын маңда тұратын бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 39 жастағы қала тұрғыны назарға алынған. Жедел уәкілдер оның жасалған қылмысқа қатысы барын анықтаған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған заттар металл қабылдау орындарының бірінен табылды. Қазіргі таңда ұрланғандарды алу жүргізілуде, тиісті ресімдерден кейін заттар заңды иесіне қайтарылады.

– Қаскөйдің бақша жақтан бөтен адамның ауласына кіргені белгілі болды, – деп тоқтала кетті Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин. – Қала тұрғындарына заттарыңызға ұқыпты болуды, қараусыз жатқан нәрсе қылмыскерлердің олжасына айналуы мүмкін екендігін ескертеміз. Тұрғын үйдің қорғалуына сақтықпен қарап, жер үйлердің тұрғындарына үй мен қора-қопсыны берік әрі сенімді құлыптармен жабдықтауға кеңес береміз. Қылмыстың алдын алудың жақсы құралы бейнебақылау камерасын орнату болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру