Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауласына есірткі еккен түркістандық жауапқа тартылды

Түркістан облысында учаскелік полицейдің көмегімен есірткі еккен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өзіне бекітілген аумақта қылмыстың орын алмауы, тұрғындардың тыныштығының сақталуы бағытында қызмет атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторы Сағадат Дүйсен Түркістан ҚПБ-ға хабарлама түсірді. Ол өзінің хабарламасында аулаларды аралап, тұрғындардың хал-жағдайын біліп жүргенінде жергілікті тұрғынның бірінің ауласында есірткіге ұқсас затты байқағанын жеткізді.

Ақпарат түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары, бірден жедел-іздестіру шарасына кірісті. Осылайша күдікті тұрғынның жеке-басы анықталды. Ол наркологиялық диспансердің есебінде тұратын жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті қайтыс болған әке-шешесіне тиесілі өзі анда-санда барып тұратын үйінің ауласына жасыл түсті, ерекше хош иісті, есірткіге ұқсас есірткіні еккен. Оны полицейлер тәркілеп алды. Алынған есірткі тектес 22 түп сот-сараптамаға жіберілді.

Нәтижесінде есірткінің сора екені анықталды. 
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпаратты білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру