Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аумақтық профилактика: Талдықорғанда полицейлер аулаларды аралады

Талдықорғанда полиция қызметкерлері өңір тұрғындарымен алдын алу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында учаскелік инспекторлар аулаларды аралау іс-шарасын өткізді. Оның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту және тұрғын аймақтарда тазалықты сақтау.

Шара барысында полицейлер назарын қолайсыз жағдайдағы учаскелерге аударды. Атап айтқанда, аулаларда шашылған қоқыстар, ретсіз қалдықтар санитариялық талаптарға сай келмей, абаттандыру ережелерін бұзғаны анықталды.

Осындай құқық бұзушылықтарға жол берген тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жекелеген азаматтарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

— Тәртіп – әркімнің өз үйінен басталады. Егер әрбір азамат тазалықтың қарапайым қағидаларын сақтап, өзі тұратын ортаға құрметпен қараса, бүкіл қала әлдеқайда қауіпсіз әрі жайлы болмақ, — дейді тәртіп сақшылары.

Профилактикалық іс-шаралар қаланың өзге де шағынаудандарында жалғасатын болады. Полицейлер заңды сақтау мен қоғамдық тәртіпке үлес қосу – әрбір азаматтың борышы екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру