Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл педагогтары СҚО полицейлеріне алғыс білдірді

Ауыл педагогтары СҚО полицейлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевқа ауылдық мектептерінің басшылығынан алғыс хаттар келіп түсті.

Тайынша ауданының №1 Чкалово орта мектебінің директоры Борис Галицкий Чкалово поселкелік полиция бөлімінің қызметкерлеріне өзінің ризашылығын білдірді. Соңғы жылы ауданда жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттер айтарлықтай төмендеді.

Тайынша ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы Балғын Сыздықова бұл әр баламен мақсатты жүргізілген жеке жұмыстың нәтижесі екендігіне кәміл сенеді.

– Жасөспірімге жеке тұлға ретінде қарау маңызды. Әдетте «қиын бала» деп аталанатындарды біз полицияның жас серігі жұмысына тартуға тырысамыз. Бөлімге шақырып, жұмысымыздың маңыздылығын көрсетеміз. «Өтіріктің өрге баспайтындығын», кез келген қылмыстың шындығы ерте ме, кеш пе ашылатындығын жасөмпірімдер түсініп, өз көздерімен анық байқады.
Көбінесе балалар жол ережесін сақтау барысында белсенді болып, мектептегі тәртіпті де сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ басқаларды біз жазғы сауықтыру лагерьлеріне, спорттық клубтарға жіберуді ұсыныс жасаймыз – бұл олардың мүмкіндікті қалай немесе қай жерде көбірек жүзеге асырылуына байланысты болмақ, – дейді ол.

Осындай хат Ғ. Мүсірепов ауданындағы Рузаевская ОМ директоры Лариса Когтевадан келіп түсті.

– Мен Рузаевка поселкелік полиция бөлімінің қызметкерлеріне, кәмелетке толмағандар, сондай-ақ олардың ата-аналарының арасындағы бірлескен профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге құқық бұзушылықтардың алдын-алу саласындағы ынтымақтастығы үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Рузаевка поселкелік полиция бөлімінің барлық қызметкерлері жасаған қайырымдылық істеріне ерекше алғыс айтамыз: көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары жыл сайын азық-түлік қоржындарын, киім-кешектер, ойыншықтар, оқу құралдар мен велосипедтер алады, – деп жазды ол.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері мен мұғалімдердің бірлескен жұмысы әсіресе жазғы демалыс уақытында өзекті болып отыр.

– Қолайсыз отбасылар ерекше назарда. Үйді-үйді аралау, әңгімелер, рейдтер, құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жазғы лагерьлерде балалардың жол-көлік жарақаттарын алдын алу жұмысы әлеуметтік-психологиялық қызметпен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен тығыз ынтымақтастыққа негізделген. Педагогтардың оң пікірі – бұл жер-жерлерде дұрыс тактиканың таңдалғанының белгісі, – дейді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру