Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл тұрғынан 102 дана киіктің мүйізі тәркіленді  

Батыс Қазақстан облысының тұрғынын үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделген,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы аумағында заңсыз аң аулаудың және киіктерді атумен айналысып жүрген қылмыстық топтардың жолын кесу мақсатында Полиция департаменті бастығы Махсудхан Аблазимовтың бұйрығымен департаменттің анағұрлым дайындалған қызметкерлерінің қатарынан жедел- тергеу тобы құрылған болатын. Аталған топты департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылғали Меңдіғалин басқарды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде департамент қызметкерлері ағымдағы жылғы 12-ақпанда Бөкейорда ауданының Бөрлі ауылының тұрғыны 1990 ж.т. ер азамат ұсталып, одан киіктің 102 мүйізі алынды.

Факт Қылмыстық кодекстің 339-1 бабы (Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту,тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Мемлекетке келтірілген шығын анықталуда.

Бұл ретте, күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің жаңа бабы қолданылады. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болады. Қазақстанда жаңа жылдан бастап браконьерлік пен экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жаза қатаңдатылған болатын.

Агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша заңнамаға соңғы енгізілген түзетулер шеңберінде Қылмыстық кодекстің 337-бабы кеңейтілген, яғни санкциялары кеңейтілген болатын.

339-бабы да қайта пысықталып, ол бойынша киіктердің дериваттары мен бекіре балық түрлерімен заңсыз айналысқаны үшін браконьерлер жауапқа тартылатын болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру