Ауыл тұрғыны полицейге алғысын білдірді
Қостанай облысы Қарасу ауылының тұрғыны Татьяна Алпысбаева учаскелік инспекторге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бақытбек Хамидуллин бірнеше жыл бойы зейнеткер тұратын әкімшілік аумақта учаскелік полиция инспекторы болып қызмет еткен. Алкогольдік ішімдікке тәуелді ұлымен бірге тұратын қарт ананың отбасында жиі келіспеушіліктер туындап, әжей учаскелік полиция инспекторының көмегіне мұқтаж болған.
Бақытбек 45 жастағы азаматты жұмысқа орналастырып, алкоголизмнен емделуге жолдаған.
Бір жылдан бері Б.Хамидуллин Қарамырза ауылдық округінде басқа учаскеде жұмыс істейді. Алайда биылғы жылдың қазан айында полиция қызметкеріне аталған азаматтың анасы қайта хабарласып, ұлын мәжбүрлеп емдеуге жіберуге көмектесуін сұраған.
Б. Хамидуллин қысқа мерзімде барлық қажетті құжаттарды жинап, сот шешімімен ауыл тұрғынын жарты жылға Қостанай қаласына мәжбүрлеп емделуге жіберуге көмектескен.
Аталған азаматтың анасы полиция бөлімі басшылығының атына жазған хатында адам тағдырына бейжай қарамай, қамқорлық танытқан учаскелік полиция инспекторына үлкен алғысын білдірді.