Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

Қызылорда облысында ауыл тұрғыны малын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал ауданының тұрғыны Аралбек Байжақанов әлеуметтік желілер арқылы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне мал ұрысын ұстағаны үшін алғысын білдірді.

Бұл азамат 21 жылқысының ұрланғандығы жөнінде полицияға арызданған болатын. Полиция қызметкерлері Алмат Бердібеков, жедел уәкілдер Нұрбек Алмағанбетов  және Мұрат Баймаханов  жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлаған қылмыскерді қолға түсірді.

Полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындардан алғыстар көптеп айтылып жатыр. Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарға көмек көрсетуге әрдайым әзір.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру