Ауыл тұрғыны учаскелік полицейге алғыс айтты
Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұрғыны ұрыны ұстап, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Дархан Мажихановқа алғысын әлеуметтік желілер арқылы жолдаған бейнежазбалары арқылы білдіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 тамызда Шиелі аудандық полиция бөліміне Сұлутөбе ауылының тұрғыны мал қорасынан 1 бас жылқысы ұрланғандығы туралы шағым түсірді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 38 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған күдіктінің басқа да мал ұрлығының деректеріне қатыстылығы тексерілуде.
Орын алған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3-бөлігі (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысының тәртіп сақшыларының атына азаматтардан өтініштер келіп түсуде, олар қызметкерлерді қылмысты ашудағы адал жұмысы мен кәсібилігі үшін алғыс білдіреді.