Ауылдасының үйіне ұрлыққа түскен қызылордалық анықталды
Ауылдасының үйіне ұрлыққа түскен қызылордалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария ауданы полиция бөліміне ауыл тұрғыны арызданған. Түнгі уақытта белгісіз біреу үй ауласында тұрған жүк автокөлігінің аккумуляторын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. 38 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.